Пайдаланушы есептік жазбасы үшін екі қадамдық тексеруді өшіру

Есептік жазбаңыз үшін, сондай-ақ кез келген басқа пайдаланушының есептік жазбасы үшін екі қадамдық тексеруді өшіруге болады.

Жалпы функционал: Пайдаланушы рұқсаттары функционалдық аймағының Нысан ACL параметрлерін өзгерту құқығы бар есептік жазбаңыз болса, пайдаланушылардың басқа есептік жазбалары үшін екі қадамдық тексеруді өшіруге болады.

Пайдаланушы есептік жазбасы үшін екі қадамдық тексеруді өшіру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Пайдаланушылар және рөлдерПайдаланушылар бөліміне өтіңіз.
  2. Екі қадамдық тексеруді өшіргіңіз келетін ішкі пайдаланушы есептік жазбасын басыңыз. Бұл сіздің жеке есептік жазбаңыз немесе кез келген басқа пайдаланушының есептік жазбасы болуы мүмкін.
  3. Ашылған пайдаланушы сипаттары терезесінде Есептік жазба қорғанысы қойыншасын таңдаңыз.
  4. Пайдаланушы есептік жазбасы үшін екі қадамдық тексеруді өшіргіңіз келсе, Есептік жазба қорғанысы қойыншасында Тек пайдаланушының аты мен құпиясөзін сұрау параметрін таңдаңыз.
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

Сіздің есептік жазбаңыз үшін екі қадамдық тексеру өшірулі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Барлық пайдаланушылар үшін екі қадамдық тексеруді конфигурациялау

Басына оралу